Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

18 қараша күні Мәскеуде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев, Ресей Президенті Дмитрий Медведев және Беларусь Президенті  Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық ықралдастық туралы декларация мен еуразиялық экономикалық комиссия туралы келісімді бекітіп,  одақ құруға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды деп хабарлады қазақстандық inform.kz ресми сайты. Саясаткерлердің бірі бұл қадам асығыс жасалды десе, екіншілері мұндай шешімдерді бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдау керек еді  деп санайды. Ал өзге біреулері Қазақстанның түрлі одақтарға мүше болуы ел экономикасына да, қауіпсіздігіне де оң әсер етеді дейді. 18 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан корпусының еріктілері  Қазақстаннан неге кете бастады? Бұған қатысты Қазақстандағы АҚШ елшілігі корпус қызметін тоқтатады деген ғана деректі айтты. Осыдан тура он жыл бұрын Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысы құрылған болатын. Демократиялық таңдау қозғалысынығ шарықтау мен күйреуінің себептерін іздеген АҚШ ғалымының ой-пікірлерін де Азаттықтан табасыз. Ғоreign policy басылымы Өзбекстанның диктаторы кезегін күтіп отырған келесі Каддафи деп түйіндепті өз мақаласын. .

XS
SM
MD
LG