Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

1996 жылы 17 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы алғашқы Бүкіләлемдік теледидар форумын өткізу күнінің құрметіне орай 21 қарашаны Бүкіләлемдік телевидение күні деп жариялады. Бұл күн мемлекеттерге бейбітшілік, экономикалық және әлеуметтік даму, мәдени алмасудың кеңеюі тәрізді проблемаларға арналған теледидарлық бағдарламалармен алмасу күні ретінде мерекелеу ұсынылған болатын.  Сауалнама жүргізген кезде тұрғындардан Қазақстандағы телевидение туралы пікірін де сұраған едік, олардың пікірлері әр түрлі болды: Ресми ақпараттар бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 150-ге жуық телеарна бар.Байланыс және ақпарат министрлігінде дайындалып жатқан жаңа  заң жобасының аясында 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, теле-радио көрсетілімі көлемінде қазақстандық  бағдарламалар мен хабарлар саны, сондай-ақ, радиобағдарламалар, қазақ авторлары мен орындаушыларының музыкалық туындыларының саны 50 пайыздан кем болмауы тиіс. Онда мемлекеттік тілдегі көрсетілім көлемі 2012 жылы 25 пайыздан, 2013 жылы 35 пайыздан, 2014 жылы 50 пайыздан кем түспеу керектігі де айтылыпты. 2011 жылы телевизия мамандары мен жалпы журналистер қауымы көптен күткен «Теле-радио тарату туралы» заң жобасы толықтай дайындауы керек. Мырзан Кенжебай журналисттер тікелей аударумен айналысады деп санайды: КТК телеарнасының жаңалықтар бөлімінің бас редакторы Әйгерім Асқарқызы телевидениеде сөз бостандығы да цензура да бар дейді. Оның айтуынша қазір көрермендерге қылмыстық оқиғалар керек. Ал ақын, журналист Мырзан Кенжебай телевидениеде сөз бостандығы жоқ деп санайды. Ол  бұл жағдайды өзгерту қиын болады дейді.

XS
SM
MD
LG