Accessibility links

Денсаулық


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Қырғызстанда қан құю кезінде ВИЧ дертін жұқтырған қырық баланың ата-анасы Бішкектегі үкімет үйі алдында наразылық акциясын ұйымдастырды. Ата-аналар балаларына қауіпті дерттің жұғуына кінәлі дәрігерлердің әлі күнге дейін жұмыстан босатылмағанына наразы. Сонымен бірге олар өздері шеккен моральдық зиян үшін өтемақы төлеуді, мемлекеттік жәрдемақы көлемін көбейтуді, пәтер немесе жер берілсін дейді. Еске сала кетсек, 2007 жылы Қырғызстанның Ош облысындағы Ноокат аудандық ауруханасында қырыққа жуық балаға "ВИЧ дертіне шалдыққан" деген диагноз қойылған еді. Кейінірек мәлім болғанындай, олардың бәріне ауру қан құю арқылы жұққан.  Осыған ұқсас жағдай Оңтүстік Қазақстан облысында да болған. 2006 жылы қан құю кезінде ВИЧ инфекциясын жұқтырған 149 бала анықталды. 2007 жылдың маусым айында Шымкентте балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша сот үкім шығарды. Сотқа тартылған 21 адамның төртеуі шартты түрде бас бостандығынан айрылды. Облыста қазіргі таңда ВИЧ дертін жұқтырған 205 бала бар дейді «Балаларды СПИД-тен қорғау» қайырымдылық қорының төрайымы Жанетта Жазықбаева Өзін Айман деп таныстырған бойжеткен ВИЧ дертін жұқтырған. Оқиға 2006 жылы болды дейді сұхбаттасымыз. Ол өзінің денсаулығы жақсы екенін айтты. оған дәрі дәрмекті күнделікті үзбей қабылдау қажет.   «Ана мен бала» жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеу орталығының бас дәрігері Еркін Құлманбетов науқастардың жағдайы жақсы дейді.

XS
SM
MD
LG