Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Учаскелік сайлау комиссияларына саяси партиялардың кеңесші даусы бар өкілдерін ұсыну мерзімі аяқталады деген ақпаратқа орай оппозициялық партия жетекшілері мұны құқығымызды шектеу деп наразылық білдірді Ешқандай партияда жоқ немесе бұрын қандай да бір  партия қатарынан шығып кеткен кейбір саясаткерлер парламент сайлауына қатысу үшін партия таңдап жатыр. «Руханияттың» қатарын толықтырып жатқандардың бірі Уәлихан Қайсар болса, Мұхтар Шаханов та осы партия қатарынан табылатын түрі бар. Қазақстан премьерінің әкесі Қажымқан Мәсімовтің 2009 жылы «Время» газетіндегі Анастасия Прилепскаяның  «Карма Карима» мақаласы мен құқық қорғаушы Талас Сағымбаевтың КТК  телеарнасына 2010 жылы ақпан айында берген сұқбатында ар-намысыма нұқсан келтірді деп берген арызы бойынша Астананың Сарыарқа аудандық сотының шығарған шешімі жауапкердің қолына сейсенбі күні ғана тиген. Сот істі жауапкер жақты шақырмай-ақ 7 қарашада шешім шығарып, газет пен құқық қорғаушыны айыпты деп тапқан.  Қазақстандық саясаткерлердің  кезекті сайлау науқандары тұсында сан құбылып бір партиядан  екінші партияға секіре беретіндігінің сыры неде?  Сарапшылар пікірлері қай арнада тоғысады?

XS
SM
MD
LG