Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Жаңаөзенде компания әкімшілігі ереуілшілермен кездеседі екен деген хабардан соң алаңға көптеген адам жиналған. Ақтаудан Қаражамбас пен Ерсай компанияларының да жұмысшылары жеткен. Осы аймақтағы тілшіміз соңғы ақпарат-деректерді телефон арқылы хабарлайды. Астанада қылмыстық атқару жүйесінің реформасы жайлы халықаралық жиын өтіп жатса, Гранитный түрмесіндегі азаптау мәселелері бойынша сот жалғасты Жазасыздыққа қарсы күрес күніне орай Алматыда өткен баспасөз мәслихатында  баспасөз саласында жұмыс істейтін жандарға қарсы қылмыстық әрекеттердің жазаланбай қалатыны турасында сөз болды. Ауғанстанда жаңа туған нәресте қыз бала болса онда сәбиге шілдехана жасамай келген, осы дәстүрді жақында ғана қызды болған ата-аналардың кейбірі бұзды деп жазады Азаттықтың тілшілері. Азаттық радиосының сайтында сәрсенбі күні ұлттық айтыс өнерін жандандырушы ақын Жүрсін Ерменмен онлайн коныеренция болып өтті.Жүрсін мырза Азыттық оқырмандарының сұрақтарына ұандай жауаптар берді екен, өздеріңізді соның бір парасымен таныстырамыз.

XS
SM
MD
LG