Маңғыстауда ереуілшілердің өкілдерімен компания арасындағы сәрсенбіде басталған әңгімелер бейсенбіде де жалғасып жатыр, әзірге қандай да бір мәміле болғаны жөнінде ақпарат-деретер тапшы, дегенмен аймақтағы тілшімізді телефон байланысына шақыратын боламыз. Өткен жылы Гранитный түрмесінде болған бүлікке қатысты Көкшетауда өтіп жатқан сотта прокурор айыпталушыларға өмірлік бас бостандығынан айырудан бастап, 14-16 жылға дейінгі ауыр түрме жазасын не үшін сұрап отыр? Қазақстандағы «Қорамсақ» деп аталатын аңшы қару-жарағы ассоциациясы Тараздағы текрроррлық актілерден кейін қысым көре бастадық деп мәлімдеді бейсенбі күні Алматыда. Азаттықта айтылған жайтқа оралсақ:Үйіме тінту жасалды деп дабыл қаққан Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл имамы енді өзіне қарсы қоқан-лоққы жасалып жатқанын айтады. Беларустың құқық қорғаушы белсендісі салық төлеуден жалтарды деген айып бойынша 4 жарым жылға сотталды