Жақын арада Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада «Мұхтар Әуезовтың ата шежіресі» деп аталатын кітаптың тұсаукесері болып өтті. Оған бірқатар жазушылар, ғалымдар және Мұхтар Әуезовтың ұрпақтары қатысты. Олардың барлығы да аталмыш кітапты оқып шыққандарын айтып, одан алған әсерлерімен бөлісіп, кітаптың ерекшелігін атап көрсетті. Мұхтар Әуезовтың баласы Мұрат Әуезовтың айтуынша тұсаукесер шарасына Әуезовтар әулеті түгел жиналған. Кітап бізді біріктірді деп атап өтті ол. Бұл кітапты шығыстанушы ғалым, тарих ғылымының докторы Әшірбек Мүминов жазды. Мұрат Әуезовтың сөзінше ол өзі кітапқа бірқатар түзетулер енгізу арқылы атсалысқан. Ол бұл кітап әр қазақстандық үшін үлкен рухани олжа деп санайды. Оның айтуынша, бұл кітаптың ерекшелігі көп. Жазушы, драматург Смағұл Елубай осыған ұқсас кітаптар әлемнің барлық елдерінде жарыққа шығып жатыр дейді. Жазушының айтуынша, кітап Мұхтар Әуезовты сүйіп оқитын әрбір қазақтың көкейінде жүрген сұраққа ғылыми негізде жауап берді Тұсаукесерге қатысқандардың кейбірі кітаптан үзінді оқып, оның мағынасын, мазмұнын саралады. Көпшілік кітапты жазуда үлкен еңбек сіңірілгенін атап өтіп, автотрларға алғыс айтты. Мұрат Әуезов Совет Одағы заманында мұндай кітапты шығару мүмкін болмаған дейді. Алайда қазіргі уақытта оған кедергі келтіретін ештеңе жоқ. 23 қараша күні тұсаукесері болған кітап орыс тілінде жарық көрді. «Атамұра» баспа корпорациясының президенті Рахымғали Құлмұхамед кез келген оқырман ғұламалардың ата тегін білгісі келеді дейді. Оның сөзінше, бұл кітаптың бір емес, үш ерекшелігі бар.