Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Хабарларымызда әдеттегідей Қазақстанның батысындағы бұрынғы мұнайшылар ереуілінің күнделігімен бастаймыз. Тараптардың Жаңаөзендегі кездесуіне қатыса алмаған Қаражамбас мұнай компаниясының жұмысшылары сейсенбі күні Ақтаудағы әкімдік алдына барып талаптарын табыс етпекші болған. Батыс аймағында жұмышылар наразылығы жетінші айға жалғасып жатқан Қазақстанның премьер-министрі  президентін «Халық қаһарманына» ұсынып, оны үкімет бірауыздан қолдап отыр. Ал Қырғызстанды өтпелі кезең тәрізді қиын-қыстау шақта басқарған президент Роза Отунбаева жаңадан сайланған президент Алмазбек Атамбаевқа ел тізгінін тапсырып,  қырғыз халқының игілігіне қызмет ететін қор ашып, жұмыс істейтін боламын деп мәлімдеді сейсенбі күні  Бішкекте журналистер алдында. Қазақстандық саясаттанушы Расул Жұмалы Роза Отунбаеваны «қырғыз халқының бағына жаралған жан» деп баға берді.   Диктаторлардың билікпен қош айтысуына жеткізген «араб көктемі» Таяу Шығыс монархтарын да ойлантып тастады деп жазады Daily Telegraph басылымы.

XS
SM
MD
LG