Accessibility links

Зерде


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Хабарымыздың бірінші жартысында жақында тұсаукесері болған қазақтың соңғы ханы «Кенесары»  туралы фильмнің алғашқы қойылымынан репортаж ұсынбақпыз, бағдарламамыздың келесі бөлігінен тәуелсіздіктің жиырма жылында қандай таихи фильмдер түсірілді? Олардың сапасы қандай? Деген сұрақтар төңірегінде хабарымызды өрбітеміз. «Кенесары хан» қоғамдық қорының тапсырысымен түсірілген «Хан Кене» деректі  фильмі 70 мың ақш долларына түсірілген. Режиссердің айтуынша бұл деректі фильм бір жыл көлемінде түсірілген.  Алайда фильм түсіріліп бітпеген, фильмге қосатын деректерді қосып, өңдеп, алдағы жылы тұсауын кесеміз деп отыр шараны ұйымдастырушылар. Ал Азаттық радиосына сұхбат берген тарихшы Мәмбет Қойгелді бұл фильмді алғашқы еркін  түсірілген фильмдердің қатарына жатқызды. «Кенесары хан» қоғамдық қорының ұйымдастырушысы Мұхтархан Абаған  фильм толық түсіріліп бітпей тұрып, көрсетілім жасау себебіміз халықтың назарын аудару және мамандар мен көрермендердің пікірін білу деп отыр. Кинорежиссер Еркін Рақышев соңғы жиырма жылда көптеген тарихи фильмдер түсірілді. Алайда, олардың сапасы көңіл көншітпейді деп отыр.

XS
SM
MD
LG