Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

Мұстафа Шоқай өз заманының көрнекті мемлекет қайраткері, «Алаш» қозғалысының белді қолбасшыларының бірі, тарихшы-ғалым, публицист.   Қараша айында Алматыда Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұйымдастыруымен «Мұстафа Шоқайдың ғылыми мұрасы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияның мақсаты - әлемнің әртүрлі ғылыми орталықтарындағы шоқайтану саласындағы жетістіктермен танысу, М. Шоқайдың ғылыми мұрасын кең ғылыми айналымға түсіріп, көпшілікке жеткізу болып табылады. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Көшім Есмағамбет бұл осындай деңгейде өткен алғашқы форум дейді.  Тарих ғылымдарының докторы, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері Светлана Смағұлова Мұстафа Шоқайдың мұрасын әлі де зерттеу қажет деп санайды. Көшім Есмағамбеттің айтуынша, бір жарым жыл бұрын Мұстафа Шоқайдың еңбектері толықтай жинақталған 13 томдық кітап дайын болды. Оған Мұстафа Шоқайдың осы уақытқа дейін жарық көрмеген еңбектері кірді. Алайда оны шығаруға қаржы бөлінбей жатыр екен. Ол Совет Одағы заманында Мұстафа Шоқайдың бірнеше еңбектері идеологияға байланысты жарық көрмеді дейді. Ал қазіргі уақытта оның бүркеншік аттарының көп болуы үлкен қиындықтар туғызған екен.

XS
SM
MD
LG