Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

1986 жылы желтоқсан айында Алматы қаласының орталық алаңына қазақ жастары жиналып, Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнына Қазақстанда бір күн де жұмыс істемеген және есімі де елге белгісіз Геннадий Колбиннің тағайындалуына қарсылық танытты. Қазақ жастарының бұл наразылығы бүкіл әкімшіл-әміршіл жүйеге наразылыққа ұласты. Кремль саясатына қайшы келетін шеру қатыгездікпен жаншылды. Жастарды таратқаннан кейін қуғын-сүргін басталды. Ертас Отарбаев пен Серік Мұхаметалин 1986 жылы 16-18 желтоқсан аралығында болған оқиға туралы естеліктерімен бөліседі  және сол жылдар өмірлеріне қалай әсер еткендері туралы әңгімелейді. Ертас Отарбаев Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз бекеті деген жерде туып өскен. Ол Алматы қаласына 1985 жылы келген екен. Ертас Отарбаев көтеріліс туралы естігеннен кейін бірден жиналғандарын айтты, алайда басшылары қарсы бағытта қызмет етуге бұйрық берген. Ертас Отарбаевтың сөзінше, олар бірден мұндай бұйрықты орындаудан бас тартқан, жатақханаға барып тыныш жататындарын айтқан.  Сұхбаттасымыз сол уақытта күннің ерекше суық болғандығын еске алды. Ол онда жиналған азаматтардың барлығы бірге әрекет етті дейді.  Келесі сұқбаттасымыз Серік Мұхаметалин 26 жасында Желтоқсан оқиғасына қатысқан.  Ол Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Тал ауылында туған. Серік Мұхаметалин алаңға жиналу туралы алдын ала естімеген екен. Ол айтылған уәждерге қарамастан жиналған азаматтар орындарынан кетпей тұрып алды дейді.  Серік Мұхаметалин Желтоқсан оқиғасы тағдырымды өзгертті дейді. Оның айтуынша, 1986 жылы Желтоқсан айында алаңға жиналған жастардың арман тілегі орындалды. Себебі Қазақстан тәуелсіз ел атанды. Алайда ол осы уақытқа дейін Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың толық ақталмағандығы қынжылтады дейді.

XS
SM
MD
LG