Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Сайлау науқанына бақылау жүргізетін «Ар.Руx.Хақ» үкіметтік емес ұйымы сайлау науқаны барысының баспасөзде қалай жазылып жатқанына жүргізген алғашқы талдауымен таныстырды Жазушылар одағында "Алаш жолы - Азат жолы" деген конференция болды. Абай кз сайтының Алаш төсбелгісі марапатымен Азатттық радиосының қызметкері әріптесіміз Сұлтанхан Аққұлы да ие болды, тағы кімдер бар екен? 94 жыл бұрын осы күндері Алашорда ұлттық территориялық автономиясының құрылған. 1917 жылы 5-12 желтоқсан аралағында Орынборда II жалпықазақ съезі өтіп, оған сол кездегі Қазақстанның әр аймағынан ұзын саны  300 ге тарта делегат қатысып, күн тәртібіне автономия мәселесін қойып, ақыры тұңғыш рет жаңа заманауи тұрпаттағы Алаш автономиясы өмірге келген еді. Қазақстанның батысындағы наразылық ереуіліндегі мұнайшылар мен олардың 6 жылға сотталған тәуелсіз кәсіподақ жетекшісі Наталья Соколованың түрмедегі жағдайы қандай болып жатыр? Бетке түкіру дауымен сотқа дейін жеткен бұрынғы депутат пен журналистің текетіресі бүгін тараптардың келісімге келуімен аяқталды деп хабарлап жатыр тілшілеріміз Алматыдан.

XS
SM
MD
LG