Сәрсенбі күні мамыр айының 17-сінде Ақтөбе облыстық ҰҚК ғимаратында өзін-өзі жарған Рақымжан Махатовтың 12 серігіне қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Азаттық радиосының тілшісі.Айыпталғандардың алдына 17 жыл, ең соңғысына 1 жылға дейін түрме жазасы кесілген. Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы –сенат бүгін Ұлттық қауіпсіздік туралы заң қабылдады Қабылданған құжатта «ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін дәйексіз ақпаратты әдейі бұрмалау және тарату арқылы қоғамның және жеке адамның сана-сезіміне ақпараттық әсер ету» қауіп-қатер ретінде аталған. Билік пен инвесторлардың екі жылға жалғасқан теке-тіресінен кейін Қазақстан «Қарашығанақ» жобасының 10 пайыз үлесін иеленетін болды деп хабарлады ақпарат агенттіктері, тілшілерімізідің осы тақырыпқа зерттеуі. Желтоқсан оқиғасына саяси баға, ал оған қатысқандардың саяси құқықтық мәртебесін анықтайтын заң қабылдауды сенатор оқиғаның 25 жылдығына бірер күн қалғанда көтерді. .