Азаттық радиосы Жаңаөзен қаласында желтоқсанның 16-сы болған қақтығыстан кейінгі ахуалдың қалай өзгергенін барынша анықтауға тырысып жатыр. Куәгерлердің айтуынша жергілікті ауруханаларда жаралы адамдарды жатқызатын орын қалмаған. Сарапшылар мен саясаткерлер Азаттыққа Жаңаөзен оқиғасы жайында пікір-көзқарастарын білдірді.