Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

7 желтоқсан күні Алматы қаласында «Темірқазық» ұлттық сарапшылар клубының терроризмнің  әлеуметтік, психологиялық және діни аспектілеріне арналған жиыны өтті. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі әлемде терроризм идеясының пайда болуы және оның таралуы бірден - бір қатер. Бұл идея мемлекеттің іргетасын шайқалтуға, түптеп келгенде, әр түрлі елдердің мәртебесін өзгертуге, қорқыныш туғызуға, саясатты күштеу әдістерімен өзгертуге багытталган. Бүгінгі таңда қауіпті ауқымда қатерлі салдар тудыратын деңгейге жеткен терроризм саяси -құқықтық құбылыс ретінде ғаламдық күрмеуі қиын мәселеге айналды дейді мамандар.  Теолог ғалым Мухитдин терроризм тек мұсылман дінінде ғана кездеспейді дейді. Сондай ақ ол джихад туралы әңгімеледі. Ол ислам дінін дұрыс насихаттауға назар аударатын күн жетті дейді. Оның сөзінше, қазіргі күні ел арасында теріс ақпарат көп. . Мамандардың айтуынша, «Террор» ұғымы латын тілінен аударғанда қорқыныш, үрей мағынасында айтылады және зәре ұшыратын саясат, саяси қарсыласына күштеу шараларымен қысым көрсету ретінде анықталады. Террорды әдетте белгілі бір кезеңде өмір сүрген мемлекеттің билік қызметімен байланыстырады. Ол ерекше қуғын - сүргінмен, мемлекеттік биліктің ел ішіндегі саяси қүрылыстарына және оның сыртындағы қарсыластарына қыр көрсету қызметімен сипатталады. Психология ғылымдарының кандидаты Жарас Сейтнұр терроризмнің психологиялық аспектілеріне тоқталды. Маманның айтуынша, терроризмнің түрлі әсер етуші факторлары бар. Ол  террорлық актілердің алдын алуға болады дейді. Ол үшін үзбей жұмыс жасау қажет.  Экономист Болат Дүйсенбі Қазақстанда ғылыми сараптамалардың жасалмауы терроризмнің себептерін түсінуге кедергі келтіріп отыр дейді

XS
SM
MD
LG