Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Сейсенбі күні Ақтауға барып жеткен тілшіміз суық болып қатты боран соғып тұрғанына қарамастан, арнайы жасақтар қоршап тұрған алаң маңында көптеген адам талаптармен тұр, ал полиция мен әскер үшін мұнда тұрмыстық жағдай жасалған, атап айтқанда био әжетханаларға дейін қойылғанын көрдік дейді тілшіміз. Қазақстан премьер министрі Кәрім Мәсімов жұмыстан шығып қалған мұнайшылардың барлығы жұмысқа орналастырылатын болады деп мәлімдеді сейсенбі күні Жаңаөзенде телефон байланысы қалпына келтірілді деп хабарлағанымен, бұл аймақтағы мобилді байланыс болмай тұр, біздің тілшілеріміз бірен-саран  қалалық телефондарға хабарласа алды. Азаттық радиосына Ақтау қаласынан телефон арқылы хабарласқан жаңаөзендік тұрғындар «қала өлі мекенге айналды, көшелер қаңырап бос қалды, беріліп жатқан ақпараттар жалған» деп шырылдайды. Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларды тергеу бойынша тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылды.  Комиссия 21 желтоқсан күні оқиға орнына бармақшы. Олардың арасында оппозициялық саясаткерлер мен жазушылар, партия басшылары бар. Барлығы да Жаңаөзенде болған оқиғаларды 25 жыл бұрын болған Желтоқсан оқиғасымен салыстырып, сол кезде жіберілген қателерді қайталамау керек екенін айтты. Жаңаөзен мен Шетпедегі қанды оқиғалар Қазақстанның инвестициялық ахуалына қысқа мерзімде теріс әсер етеді. Ал оны оңына келтіру – биліктің Жаңаөзендегі қайғылы оқиғаларды объективті түрде тексеруге қаншалықты дайын екендігіне байланысты болмақ дейді сарапшылар.

XS
SM
MD
LG