Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Ақтау мен Жаңаөзендегі сәрсенбі күннің ахуалы: аймақтағы тілшілеріміз Жаңаөзендегі қарапайым тұрғындармен тілдесіп пікірлесуге түрлі тосқауылдар қойылып жатыр дейді. Журналистерге қалада қалу өмірлеріңе қауіпті деп ескерткен. Алматыдағы 100 шақты адам Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты жиын өткізді. Бір топ белсенділер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері Жаңаөзенде болған оқиғаға қатысты шынайы ақпарат беруді және Маңғыстау облысынан әскерді алып кетуді талап етті. Бұл шараны ұйымдастырған адамды  Бостандық ауданының ішкі істер бөліміне қамауға алды деді қатысушылар. Жаңаөзен оқиғасын тергеп-тексерумен айналысамыз деген қоғамдық тәуелсіз комиссия мүшелері сәрсенбі күні таңертең Ақтауға ұшып барған екен, Жаңаөзенге барамыз деп шыққан оларды Жетібайға қарай бұрған, бірақ  станцияға жақындағанда жолда полиция күзеті тоқтатып, әрі қарай жібермей тұрғандықтарын айтты Азаттыққа. Кеше кешке қарай Орал қаласында ондаған адам алаңға шығып 16 желтоқсан күні Жаңаөзен оқиғасында құлбан болған азаматтарды еске алып, олардың рухтарына тағзым еткен.   Қазақстан баспасөзі Жаңаөзен оқиғасы төңірегінде не жазып, қандай пікір-көзқарастар білдіріп жатыр. Жетібай тұрғыны "жұмысқа кеткен әкемді тағы 20 шақты адаммен бірге алып кетіп, қамаған онымен қоймай ұрып-соғып, сабап тастаған" деп шағымданды Азаттық радиосын телефон шалып.

XS
SM
MD
LG