Жаңаөзен мен Ақтауда дүйсенбі күнгі ахуалдың қалай қалыптасып жатқанын біздің тілшілеріміз телефон арқылы хабарлайтын болады. Жаңаөзен ауруханасында жарақат алған тағы бір адам қаза болды, сөйтіп тек Жаңаөзен оқиғасында құрбар болғандар саын 16-ға жетті, ал шетпедегі бір өліммен барлық опат болғандар - 17. Жаңаөзен тақырыбын жазып, көрсетіп жүрген бірқатар тілшілер прокуратураға тергеуге шақырылды Болатхан Тайжан қорының төрағасы Мұхтар Тайжан Жаңаөзен мәселесіне қатысты парламент сайлауына қатысудан бас тартып, "Руханият" партиясы қатарынан шықты. Ол Маңғыстау мұнайшыларына ниеттестігін осылай білдірді, ал шымкенттік азамат Мұхтар Мұхамбетжан Тәуесліздіктің 20 жылдығына орай өзін марапттаған мерейтойлық медалдан бас тартты. Қазақстанның облыстарындағы ресми басылымдар Жаңаөзен тақырыбын қалай жазып қамтып жатқанын да шолып өтетін боламыз. .