Accessibility links

Зерде


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Жақын арада Алматы қаласында Мұхтар Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық басылымының тұсауы кесілді. Академиялық басылымға жазушының 1917–1961 жылдар аралығында жазылған мақалалары, әңгімелері, пьесалары, аудармалары, баяндамалары мен пікір-хаттары енген. Мамандардың айтуынша, бұл Орта Азияда жарық көрген алғашқы елу томдық болып отыр. Бұл басылымның жарық көруі жазушының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қолға алынған. Алғашқы томы 1997 жылы жарық көрсе, енді міне толық елу томдығы екі мың данамен басылып шықты. Мұхтар Әуезовтың баласы Мұрат Әуезов бұл елу томдықтың жарық көруін - үлкен оқиға ретінде бағалайды.  Мұхтар Әуезов атындағы мұражайдың ғылыми қызметкері Аманжан Бұлсымбаева жазушыны қазір жаңаша қырынан қарастырып жатырмыз дейді. Ол жазушы көптеген ғалымдармен, ақын жазушылармен хат алмасып тұрған, солардың басым бөлігі 50 томдыққа енгенін айтады. Классик жазушының шығармашылығын толық қамтитын бұл жинақты жарыққа шығару үшін ғалымдар 14 жыл ізденіпті. Әуезов атындағы әдебиет институтының ғылыми қызметкері Келіс Рахымжанов 50 томдыққа жазушының аудармалық еңбектері кірді дейді. Ол 50 томдыққа сыймай қалған шығармалар да аз емес деп отыр.

XS
SM
MD
LG