Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Желтоқсанның 29-ы күні Қазақстан бас прокуратурасы Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерді басу кезінде жұртқа оқ атқан полиция қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жаңаөзендік ана Сандор  Ақбаеваның тәуелсіз блогерлерге берген видесұқбаты интернетте тарады. Ол мұнайшы Нарын Жарылғасовтың анасы, жаралы баласын үйдің ауласынан алып кеткенін айтады. «Бұл адамдар не болып кеткен қарғам ау, үкімет халыққа, халық үкіметке сенуден қалыпты» деп, аһ ұрған ана Жаңөзен оқиғасы болған 16 желтоқсан күнгі және одан кейінгі күндердегі жайттарды көзімен көрген куәгер ретінде  сипаттайды. Қазақстан президенті қол қойған рақымшылық заңына ілінетіндер қатарында көлікпен қағып, абайсызда адам өлтіріп алып сотталған құқық қорғаушы Евгений Жовтисті айыптаған бап та бар, бірақ оның рақымшылыққа ілінер-ілінбесі белгісіз. Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары студенттерінің биылғы қысқы каникулы әдеттегіден ұзаққа созылатын түрі бар, кейбіреулер мұның астарында саясат жатыр деп біледі.

XS
SM
MD
LG