Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Интернеттегі  көптеген әлеуметтік желілермен қатар Азаттық сайтына да  Жаңаөзен оқиғасы болған күні түсірілген түрлі әуесқой видеоларды жолдап жатқан оқырмандар бар.Оларды көріп, танысқан оқырмандарымыз «жандары түршіккенін» айтады Жұма күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген желтоқсандық ұйымдар өкілдері «Жаңаөзенді халыққа бұрын соңды жасалмаған қиянат» деп бағалады, бұны 25 жыл бұрынғы Желтоқсан оқиғасымен қатар қоюға болады дей келе, билік халықтың көтерілуіне өздері мәжбүрледі деп айыптады. Желтоқсандықтар «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшысы Құлыбаев, халыққа қарсы оқ атуға бұйрық берген ішкі істер министрі Қасымов жауапқа тартылсын дейді. Жаңаөзен оқиғасын тергеу мен тексеру, жұмыстан шығарылған мұнайшыларды жұмысқа орналастырып, еңбек дауын шешу үшін құрылған үкіметеік және үкіметтік емес, тәуелсіз комиссиялардың саны да бірталайға жетіп қалды. Дегенмен әзірге оларды ешқайсысынан осы интернетте таралып кеткен Жаңаөзен оқиғасынан хабардар ететін видеоларды айғақ ретінде іске тартамыз деген сөздер естіле қойған жоқ. Желтоқсанның 16-сы болған Жаңаөзен оқиғасы қазақ әдебиетінде жаңа шерлі өлеңдер шоғырының пайда болуына әсер етті. Жаңаөзен тақырыбына алдымен қалам тербегендердің бірен-сараны ғана болмаса, көпшілігінің аты-жөні бұған дейін көпшілікке таныс емес. Ал Жаңаөзен оқиғасының ізін ала Астанада «Жастық жалынымыз саған - тәуелсіз Қазақстан!» деген девизбен өткен ақындар айтысына қатысқан ақындар бұл тақырыпты айналып өтті. Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстанның мемлекеттік ресми  мерзімді басылымдарының беттерінде жазылып жатқан мақала үндеулердің мазмұны ақыл айту мен сабырға шақырған кеңестерден кенде емес. Олардың көпшілігінде Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі тойланатын қасиетті күні ел шырқын бұзған басбұзарлар мен тентектерді айыптау, олардың қолтығына су бүріккен, көзге көрінбейтін үшінші бір күштерді, жауларды іздеу сарыны басым.

XS
SM
MD
LG