Ұлболсын Сейітқазиева Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтардың бірі. 1986 жылы ол 16 жаста болыпты. Ол көтеріліс туралы 16 желтоқсан күні радио арқылы естіген. Ұлболсын Сейітқазиеваны 17 желтоқсан күні құқық қорғау органдарының әрекеттеріне қарсы қимыл көрсеткендері үшін Алматы қаласы Әуезов ауданының ішкі істер басқармасына апарған екен. ол жерде Роза Байшықова және Шолпан Нұрғалиевамен танысқан екен. Олар бір бірін көп жыл өткеннен кейін тауыпты. Роза Байшықова алаңға құрбыларымен бірге барған екен. Оның бостандыққа шығуына денсаулығының нашар болғаны әсер еткен. Алайда кейін де ешбір ауруханаға қабылдамай қойыпты. Одан Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін достары мен таныстары теріс айналыпты. Шолпан Нұрғалиева 1986 жылы 17 желтоқсан күні алаңға жұмыстан кейін келген екен.Ол камерада отырған жас қыздарға көмек көрсетіп, жұбатқан екен. Себебі ол мамандығы бойынша заңгер: Шолпан Нұрғалиева қазіргі уақытта Алматы қаласы Жетісу аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары болып қызмет атқарады. Оның екі қызы, екі немересі бар. Шолпан Нұрғалиева Желтоқсан оқиғасы бүгінге дейін саяси бағасын алмады деп санайды.