Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

2012 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері арасында Бірыңғай экономикалық кеңістік іске аса бастады. Яғни, бұдан былай үш елдің экономикалық аумағы бір-біріне ортақ болады. Қазақстан, Ресей және Белорусь елдерінің басшылары 2011 жылдың қараша айында «Еуразиялық экономикалық ықпалдастық туралы» декларацияға және «Еуразиялық экономикалық комиссия туралы» шартқа қол қойған болатын. Бұл құжаттар негізінде алдымен БЭК құрылып, кейін Еуразиялық экономикалық одаққа айналдыру көзделген. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің арқасында бизнесмендер үшін жаңа нарық ашылып, жаңа сатып алушылар пайда болса, қарапайым халық кең таңдау, тұрақты баға және жаңа тауар түрлеріне ие болады. Оның үстіне үш ел экономиканы бірлесіп нығайтса, алдағы уақытта болуы мүмкін дағдарыстан да қиналмай шығады. Ең бастысы қазақ кәсіпкерлері, Ресей мен Беларусьтегі әріптестерімен әділ бәсекеде болып, шыңдала түседі дейді мамандар. Алайда кәсіпкер Құрманғали Ашанов Кеден Одағы іске асқалы бері көптеген кәсіпорындар жабылуға мәжбүр болды, бұл жобалардың барлығы да тек ірі бизнеске пайда әкеліп отыр деп санайды. Экономист Ізбасар Бозаев Бірыңғай экономикалық кеңістік өз мақсатына жетті дейді. Алайда соған қарамастан қиыншылықтар аз емес.  Құрманғали Ашанов осы өзгерістердің барлығы да қарапайым халыққа тиімсіз дейді. Ол өзі де бірталай қиыншылықтарды көріп отырғанын айтты.

XS
SM
MD
LG