Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Жасы 18 ге жаңа толған Жансая Ақтаева алғаш рет сайлауға қатысты. ол сайлаудың маңызды екенін айта келе, қандай таңдау жасағанын және оның себебіне тоқталды.  Қаңтардың 16-ына қараған түні жарияланған экзит-пол қорытындысына сәйкес, парламент сайлауында үш партия: «Нұр Отан», «Ақ жол» және Қазақстан коммунистік халықтық партиясы жеті пайыздық межеден өткен. парламент мәжілісіндегі 98 орын үшін елде жеті саяси партия өзара бәсекеге түскен еді. Олар - президенттік «Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, «Қазақстан патриоттары» партиясы және Коммунистік халық партиясы. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы «Руханият» партиясын сайлаудан алып тастаған. Оған осы ұйымның бұрынғы жетекшісінің бас прокуратураға берген арызы негіз болды. Ал Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылының тұрғыны Мақпал Алшынова болса сайлауға бармаған екен. Себебі еш партияның бағдарламасы ұнамады дейді ол. Сұхбаттасымыздың сөзінше, депутаттар өз сөздерін іспен дәлелдеген кезде ғана сайлауға сенеді.  Алматы облысында тұратын зейнеткер Алмагүл Ертаева да сайлауға қатысты. оның сөзінше, сайлауға қатысу әр азаматтың міндеті: Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс парламент және жергілікті мәслихаттар сайлауына сайлаушылардың 75 пайызы қатысқанын хабарлады. орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, жалпы, республика бойынша сайлаушылар тізімінде тіркелген 9 миллион 300 мың сайлаушының 6 миллион 980 мыңы, яғни 75,07 пайызы дауыс беруге келген.

XS
SM
MD
LG