Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда өткен парламент сайлауының алдын-ала нәтижелеріне қарағанда, биліктің «Нұр Отан» партиясы бастаған тағы екі партия- «Ақ жол» мен Коммунистік халық партиясы жеңістері тойлап жатыр. Ал «Стратегия» ұйымы дауыс беру аяқтала салысымен, жүргізген зерттеулерінің нәтижесін жариялап, дәл осы үш партияның парламентке өтетіндігін болжаған еді Астанада баспасөз мәслихатын өткізген ЕҚЫҰ-ның өкілдері Қазақстанда парламент сайлауы демократиялық талаптарға сай өткен жоқ деген баға берді Сайлауға түскен 7 партияның ішіндегі оппозициялық жалғыз партия-  ЖСДП сайлау нәтижелерімен келіспейтіндерін мәлімдеп, елді митингке шығуға шақырды Ал Ақтауда баспасөз жиынын өткізген халықаралық бақылаушылар Жаңаөзенде  сайлаушылардың белсенділігі президент сайлауынан төмен болғандығын айтты Осы күні Ақтауда «Өзенмұнайцгаз» басшылары да жиын өткізіп, жұмыссыздарға жаңа жұмыс орындарын ашып жатқандарын мәлімдеді

XS
SM
MD
LG