Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Жалпыұлттық социал демократиялық партия жетекшілері 15 қаңтарда Қазақстанда өткен кезектен тыс парламент сайлауын «сайқымазақ» деп атады. Ал бұл аралықта Орталық сайлау комиссиясы дауыс берулердің түпкілікті қорытындысын жариялап қойды. Ол бойынша биліктің «Нұр Отан» партиясы  80,99 пайыз дауыс жинаған, парламентке тағы екі партия өтті. "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясына парламенттен 83 депутаттық орын, "Ақ жол" демократиялық партиясына 8, Қазақстан коммунистік халықтық партиясына 7 орын берілді, - деді орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов баспасөз жиынында. «Республикалық тәуелсіз бақылаушылар жүйесі» сайлау күнгі бақылаулар кезінде көптеген заң бұзушылықтарды тіркегендерін айтады. «Маңғыстау облысы бұрын да  Қазақстанның қазіргі билігіне оппозиция болып келген, Жаңаөзен оқиғасынан кейін олардың жаппай «Нұр Отанғ»а дауыс беруі мүмкін емес, осыған дейін өзім куә болған жайтты айтсам, өткен сайлауда облыс әкімі телефон шалып, «Нұр Отан» партиясына кемінде 95 пайыз болуы керек деп тапсырма берді, біз солай жасадықө та, мына сайлауда да солай болғанына күмәнім жоқ» дейді Азатыққа сұқбат берген Шетпе кентінің тұрғыны Ал Азаттыққа Қазақстанның әр аймағынан телефонмен СМС хабарламалар жіберген сайлаушылар сайлау күні дауыс берушілердің белсенділігі жоғары болды деген шындыққа сәйкес келмейді дегенді   айтады. Ақтау тұрғыны «бізде таза репрессия жүріп жатыр сондықтан аты-жөнімізді ашық айта алмаймыз» дейді.

XS
SM
MD
LG