Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда 2012 жылдың қаңтар айынан бастап зейнатақы мөлшері 9 пайызға өсті. Оған Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов 2011 жылы 20-желтоқсан күні қол қойған қаулысы әсер етті. Оған қоса, жәрдемақылар көлемі де ұлғайды. Олар:мүгедектікке, асыраушысынан айырылғандарға, көпбалалы аналарға және бала тууына байланысты берілетін көмектер. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Гүлнәр Тоқсейітованың айтуынша, 2011 жылы орта есеппен алғандағы зейнетақы  32, 33 мың тг аралығында болса,  2012 жылы 39 мың тг құрайды. Айта кетсек, 2010 жылы зейнетақы төлемдері 25 пайызға өссе, 2011 жылы 20 пайызға көтерілген болатын. Қазақстан мүгедектер одағының төрағасы Әли Аманбаев бірінші топтағы мүгедек және зейнеткер. Ол Одақ төрағасы қызметін атқарғанға дейін Қазақ Ұлттық университетінде Заң факультетінде он жыл сабақ берген. Ол жәрдемақы көлемі мен зейнетақыға қосылған қаражат туралы хабардар. Оның сөзінше 7 пайыз өсу аздық етеді Республикада зейнеткерлікке ер адамдар 63 жастан, ал әйел адамдар 58 жастан шығады. Зейнеткерлердің «Поколение» қозғалысының төрайымы Ирина Савостина зейнетақыға қарт адамдар күн көре алмайды дейді. Егде адамдар дәрі дәрмек пен емге көп қаражат жұмсайды. Қазір кез келген нәрсе ақылы. Оларға зейнеткерлердің қолы жетпейді Мүгедек баланың ата-аналары, оларды бағып-қағып отырған қамқоршылар енді 17 мың 439 теңгеден алатын болады. Бұл сома өз кезегінде елдегі ең төменгі жалақы мен күнкөріс деңгейіне сәйкес келеді. Әли Аманбаев министрлікке және құзырлы органдардың барлығына жәрдемақылар мен зейнетақының аздығын айтатындарын жеткізді. Ол  әлеуметтік жәрдемақыларды жылына бір ақ рет көтеру үлкен қателік деп санайды.

XS
SM
MD
LG