Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, Абылайтану ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі Зарқын Тайшыбай «Қазақтың ханы - Абылай» атты екі томдық кітапты жазу үшін 10 жыл арнаған. Ол 10 жыл Абылайтанумен тұрақты түрде, одан бұрын әуесқойлықпен 20 шақты жыл айналысқан екен. Тарихшы Абылай туралы аңыз әңгімелер көп, алайда осы уақытқа дейін ханның тұлғасын толық қамтыған еңбек жазылмады дейді: Кітапта Абылай ханның өмірі мен оның XVIII ғасырдағы қазақ хандығындағы рөлі баяндалады.«Басылым 500-ден артық тарихи және мұрағаттық материалдарды қамтиды. Алғашқы рет Абылай ханның қазақ тіліне аударылған 250 жеке хаты мен құжаттары жарияланды», - деді автор. Басылымның тиражы 2000 мың дана. Тарихшы алдағы уақытта жинақтың жалғасы ретінде тағы да 2 томдықты шығаруды жоспарлап отыр. Абылай хан, Әбілмансұр 1711 және 1781 жылдар арасында өмір сүрген  қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Есім хан,  Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.   Зарқын Тайшыбай Абылай хан туралы жазылған көптеген құжаттарды қарастырғанын айтты.  Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл қазақ ордасының ұлы ханы болды. Тарихи деректер, аңыз-жырлар да Абылайдың үш жүздің әміршісі ретінде ардақталғанын көрсетеді Зарқын Тайшыбай түрлі құжаттарды, хаттарды, деректерді жан жақты қарастырғанда Абылай ханның тұтас бейнесі шығады дейді.

XS
SM
MD
LG