Атырауда желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен оқиғасында құрбан болғандардың қырқы өткізілді Дүйсенбі күні Алматыда тіркелмеген «Алға» партиясының кеңсесі мен бірқатар азаматтық белсенділердің үйлеріне тінту жүргізіліп жатқаны турасында хабарлар тарады, тілшілеріміз бұл жайттың мән-жайын анықтауға тырысып көрген еді. Ал бұл аралықта «Стан -ТВ» порталының басшылары 15 бірдей журналисін ҰҚК-не тергеуге шақырып жатқанын мәлімдеді. Қазақстанда 15 қаңтарда өткен парламент сайлауына қоғамдық бақылау жүргізген «Сайлау» коалициясы дауыс берулер барысында болған заң бұзушылықтар жайында дүйсенбіде журналистерге әңгімеледі. «Хьюман Райтс Вотч» ұйымы 2011 жылғы Қазақстандағы адам құқтарының жағдайына баға берген жаңа есебін жариялады, онда бір жыл бұрын ғана ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен елде адам құқтарының аяқасты болып отырғаны сыналады. .