Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Жаңаөзен оқиғасының қырық күндігіне орай Қазақстанның түкпір-түкпірінде еске алу шаралары өтіп жатыр. Азаттық радиосының тілшілерінің хабарлауынша, Қазақстанның әр өңірінде кешеден бері Жаңаөзен оқиғасы құрбандарының қырқы өткізіліп жатыр. Ал Жаңаөзен тұрғындары сол қырық күндік шараны бірлесіп өткізе алмай отыр екен. Қаладағы қатаң тәртіпке орай, олар бір-бірінің үйлеріне еркін кіріп, туыстарының қырқын бірге беруге қорқып отыр» деп хабарлады осы аймақтағы тілшіміз қаңтардың 25-і күні.  Мұндай шаралар Алматыда да өтіп жатыр. Республика алаңындағы тәуелсіздік монументінің қасында 1963 жылы Мәскеуде құрылған "Жас тұлпар" ұйымының өкілдері Жаңаөзен оқиғасына қатысты пікірлерін айтты. Астанадағы «Ғылмани» мешітінде де Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына бағышталып құран оқылды Қаңтардың 24-і күні Орал қаласындағы Абай атындағы алаңда «40 күн», «Жаңаөзенде құрбан болған азаматтардың туыстарының қайғысына ортақпыз» деген жазуы бар плакат ұстаған бір топ азамат «Жаңаөзендегі бейбіт тұрғындардың өлтірілуіне наразылықтарын» білдірген. .

XS
SM
MD
LG