Қазақстандағы сөз бостандығы, журналистердің біліктілігі мен елдегі Қазақстандық және шет елдік БАҚ-ның үлесі мен қазақ тілді БАҚ және орыс тілді ақпаратт таратушылардың арасындағы байланыс пен айырмашылық және тағы басқа мәселелер бүгінгі хабарымызда көтеріледі. «Маса кз» ақпараттық сайтының бас редакторы Ардабек Солдатбай осы уақытқа дейін көпшілік сөз бостандығы ұғымын қате түсініп келді дейді. Қазір ақпарат таратуда журналистер еркіндігі бар деп есептейді Ардабек Солдатбай. Хабар агенттігінің креативті директоры Ержан Сүлейменов телеарналарда жұмыс істейтін халықаралық деңгейдегі мамандар өте аз деп отыр. Ал Қазақстандағы «Фридом Хаус» өкілдігінің директоры Вячеслав Абрамов билік өкілдерінің әлеуметтік желілер арқылы ақпарат таратуы БАҚ-на қажеттілікті төмендетеді деп есептейтіндігін айтты.