Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға жұмыс сапары басталды. Сапар алдында қазақстандық құқық қорғаушылар мен оппозиция белсенділері канцлер Ангела Меркелді Назарбаевпен кездесуде Қазақстандағы адам құқтары жағдайы, Жаңаөзен оқиғасы туралы мәселелелерін сұрауды өтініш еткен еді. Бірақ сарапшылар Назарбаевқа мұндай тұрғыдағы сауалдың қойыларына күмәнді Ал Қазақстанда болса Жаңаөзеннен кейнігі репрессиялар одан әрі жалғасып, енді тіркелмеген Алға партиясының аймақтардағы бөлімшелері тінтіліп, олардың жетекшілері ҰҚК-на шақырыла бастады. Қазақстанның солтүстік аймағын былай қойғанда оңтүстік аймағының өзінде 30 градус аяз болып тұр, ал Кентау қаласының 70 мыңнан астам тұрғыны бес тәуліктен бері жылусыз қалған, бүгін ғана ішінара жылу беріле бастады деп хабарлайды тілшіміз.  2010 жылдың желтоқсан айында Алмавтыда жұмбақ жағдайда қырғыз журналисінің өліміне қатысты айыпталып сотталған адамдар адвокаттарының арызы бойынша сот үкімі сәрсенбіге қалды. Қазақстанда 1929-31 жылдары Совет өкіметіне қарсы ұйымдастырылған 300-дей көтерілістің ірілерінің бірі – 1930 жылғы Созақ көтерілісіне 7 ақпанда 82 жыл толды. «Байлар мен діндарлардың билікке қарсы қарулы көтерілісі» деп бағаланған осы толқу әлі күнге дейін саяси бағасын алған жоқ» дейді зерттеушілер.  Жазушы-журналист Өтеш Қырғызбаевпен сұқбатымыздың жалғасын тыңдаңыздар.

XS
SM
MD
LG