Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстан мен Германия арасында жалпы сомасы 2 миилард доллар болатын экономикалық келісім-шарттар жасалады деп хабарлап жатыр түрлі ақпарат агенттіктері. Ал қазақстандық дипломаттар мен сарапшылар Әндіжандағы қырғыннан соң 5 жыл бойына Кәрімовті кіргізбей қойған Батыстың Жаңаөзен оқиғасынан кейін Назарбаевты қарсы алып жатқанына таңданады. Қазақстандық мәдениет қайраткерлерінің бір тобы жаңаөзендіктерге көмек ретінде қаржы аударып, өзгелерді де осындай қайырымдылық қадамына шақырды. АҚШ-ң Қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакс сәрсенбі күні Астанада журналистерге берген алғашқы баспасөз жиынында "Вашингтон Қазақстанның оппозиция өкілдері мен журналистерді тұтқындауына алаңдаушылық білдіреді" деді. Маңғыстау облысының тұрғыны, үш баланың әкесі, көзі көрмейтін зағип жан  Исраил Азнабакиевке ақпан айының басында оның Астанада өткізген наразылық акциясынан кейін президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин пәтер бөлу жөнінде бұйрық берген. Ақордадан соғылған телефоннан кейін Исраил Азнабакиевті облыс әкімі қабылдаған, қарттар үйінде тұратын  Мұнайлы ауданының мүгедек тұрғынының отбасына іргесі енді қаланатын бір үйден пәтер берілетін болыпты. .

XS
SM
MD
LG