Accessibility links

Қазақтар - әлемде


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Жақында «Егемен Қазақстан» газетінде «Өз елінде өзі қонақ болғысы келетін оралман ағайындардың ойлағандары не?» деген мақала жарық көрді. Мақала авторы, газет тілшісі  - Сейфолла Шайынғазы оралмандарды Қазақстанның адамы аз солтүстік облыстарына барудан бас тартып, Қазақстанның 4 облысын – Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарына шоғырлана қоныстанғанын айыптай отырып, былай деді: «Осы сандарды ой елегінен өткізе отырып Қазақстанды Отаным деп келген бауырларымыздың 60 пайыздан астамының төрт облысқа ғана қоныстанғанын көруге болады. Оның сыры неде?»Ащы да болса айтайық, елім деп «еңіреп» жеткен бауырларымыздың Қазақстанға Отаным деп емес, осында бұрыннан тұрып жатқан немесе соңғы жылдары көшіп келген ағайын-туғандарын сағалап, күнелту үшін келетіндігін дәлелдейді.» - деген ой түйеді мақала авторы. Ардақты ағайын сіздердің назарларыңызға осы мақала төңірегіндегі сарапшылардың ой пікірлерін ұсынамыз. Әңгіме – Қазақстанның бұдан былайғы көші-қон саясаты өзгере ме? -деген сауал төңірегінде өрбиді.

XS
SM
MD
LG