2007 жылдан бастап 4 ақпан – қатерлі ісік дертіне қарсы күн болып жарияланды. Бұл күнді «Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі одақ» жариялады. Халықаралық күннің мақсаты - қатерлі ісіктің қазіргі өркениеттің ең қауіпті ауруының бірі екендігі туралы хабардарлықты арттыру, осы кеселдің алдын алуға, анықтауға және емдеуге назар аударту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығының директоры Жәмилә Баттақова осы халықаралық күнге орай елде түрлі шаралардың болғанын айтты. Ақпан айының 1-10 күндері аралығында республика бойынша онкологиялық, яғни, «қатерлі ісік» ауруларының алдын-алуға байланысты онкүндік өтті. Маман қоғамның ақпараттануы өте маңызды деді. Халықаралық зерттеулердің нәтижесі темекі тарту (30 пайыз), дұрыс тамақтанбау (35 пайыз), инфекциялык факторлар (10 пайыз), кәсіптік концерогендік әрекеттер (4-5 пайыз), иондық сәуле әсері (4-5 пайыз), ультракүлгін сәуле әсері (2-3 пайыз), спирттік ішімдік ішу (2-3 пайыз), ауаның ластануы (1-2 пайыз), жалқаулық (4-5 пайыз) сынды әсерлерден қатерлі ісік ауруларының пайда болуын көрсетіп отыр. Сондықтан, бұл ретте ерте кезеңде скринингтік сараптамалық анықтаудың алар орны ерекше. Қатерлі ісікті дер кезінде анықтаған жағдайда науқасты нәтижелі және толық емдеп шығуға болатыны бүгінде дәлелденіп отыр. Дегенмен, дәрігерлердің айтуынша, науқастардың 50 пайызы аурудың 3-4-ші кезеңдерінде, яғни асқынған кезінде ғана мамандарға қаралады. Қатерлі ісік ауруларының жағ¬дайы бүгінгі таңда өзекті мәсе¬ле¬лердің бірі болып тұр. Дүние¬жү¬зі¬лік Денсаулық сақтау ұйымының қортындысы бойынша жыл сай¬ын жер шарында 10 миллионнан аса адам қатерлі ісік ауруына ұшы¬райды екен. Оның 6 миллионнан көбі қа鬬¬¬тыс болады. Егер осы бағытта кете берсе, 2020 жылы бұл көр¬сет¬кіш¬тер 2 еселенетін көрінеді. Яғни, жы¬лына 15 миллионнан аса адам ауы¬рып, 10 миллион адам қайтыс болады.