Accessibility links

Зерде


please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда 1929-31 жылдары Совет өкіметіне қарсы ұйымдастырылған 300-дей көтерілістің ірілерінің бірі - 1930 жылғы Созақ көтерілісіне 7 ақпанда 82 жыл толды. «Байлар мен діндарлардың билікке қарсы қарулы көтерілісі» деп бағаланған осы толқу әлі күнге дейін саяси бағасын алған жоқ» дейді кей зерттеушілер. Тарихи деректер бойынша, 1928 жылдың тамызында Қазақ автономиялы совет социалистік республикасы  Орталық атқару комитетінің  «Ауқатты байлардың мал-мүлкін тәркілеп, жер аудару» жөніндегі қаулысы шыққаннан кейін Қазақ өлкелік партия комитетін басқарған Филипп Голощекин елді неғұрлым қысқа мерзім ішінде отырықшылыққа көшіруді бұйырды. «Орталық биліктің жергілікті белсенділері халықтың қолындағы соңғы сауын малына дейін сыпырып алып, түрлі салықтармен халықты мезі қылды, елдің ішерге асы қалмады. Ал «колхозға бірікпейміз» дегендерді белсенділер қамап тастады» дейді тарихшылар. Тарих ғылымдарының докторы Қайдар Алдажуманов бұл көтерілістің болуына сыртқы және ішкі факторлар әсер етті дейді. ол көп қазақстандық және шет елдік тарихшылар өзге мемлекеттер мен Совет Одағының қарым қатынасына мән бермейді деп санайды.  Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков «Созақ көтерілісіне жергілікті белсенділердің жасы келген адамдарды апанға салып, қыс айларының қар-аралас жаңбыры кезінде азаптауы түрткі болған» дейді: Осы оқиғаны зерттеп, «Созақ көтерілісі» деген кітап жазған жазушы-журналист Өтеш Қырғызбаевтың айтуынша, «Созақ көтерілісіне басшы болған Сұлтанбек Шалақұлының 1930 жылы ақпандағы шайқаста қызыл әскер қоршауында қаза тапқаны айтылғанымен, оның сүйегін көрген немесе өлімін растайтын ешкім табылмады». Өтеш Қырғызбаевтың сөзінше, «бұл көтеріліс кемінде 2 мың адамның өмірін қиған».

XS
SM
MD
LG