Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Жаңазендік аналар пикет өткізуге мұрсат сұрап,  қала әкімшілігі алдына сейсенбі күні де жиналды, ал кеше өтініш тапсырғандардың кейбірін тергеуге шақырып жатыр деген де ақпараттар бар. 16 желтоқсандағы Жаңаөзен оқиғасына байланысты қамалған азаматтың бірі Жарылғасынов Нарынның анасы Сандор Ақтаева баласын ақтап шығаруды қазақстан президенті Назабаевтан сұрап, өтінішті зарын айтады. Жаңаөзенде жүрген блогшы Дина Байділдаевның сол жазбасын назарларыңызға ұсынамыз. 16 желтоқсан күні  Жаңаөзендегі алаңда жарақат алған баласын үйде емделіп жатқан кезде аулаға шыққанда ұстап алып кеткенін айтып, Сандор ана бұдан бұрын да бейн етаспада қамаудағы ұлына жолыға алмай жүрмін деп жыларман болған еді. Енді міне шарасы таусылған ананың Қазақстан конститутциясының кепілі болып табылатын –президентке қайрылып, «мұнайшылар жазықты емес» деп айтып кетіп едіңіз, мұндағылар сіздің айтқаныңызды орындамай жатыр деп, Назарбаевтан әділ жауап күтеді. Шығыстанушы Рүстем Алпысбай Сириядағы қақтығыстардың ушығуына бірнеше себептер әсер етті дейді. маманның сөзінше, мұндай толқулар енді «Иранда болуы ықтимал». Британдық саясаткер Джонатан Айткеннің Қазақстан туралы тағы бір жаңа кітабы жарық көрді, онда лондондық жазушы президент Назарбаевты мадақтауын жалғастырған. Ал бұл аралықта елдегі жемқорлыққа алаңдаған бір топ қазақ азаматының Женева сотына Назарбаев пен оның ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа қарсы  арыз түсіргенін ақпарат агенттіктері хабарлап жатыр. Джонатан Айткеннің жаңа кітабы «Қазақстан тәуелсіздіктің 20 жылдығы: сюрприздер мен стеротиптер» деп аталады Кітапты жарнамалау үшін ғаламторда nazarbaev.net деген сайт та ашылыпты. Джонатан Айткеннің кітабының қысқаша сипаттамасында 20 жыл бұрын артта қалған, Орталық Азиядағы кедей ел Қазақстанның бүгінгі таңда дамыған, халықаралық қауымдастықта өз орнын алып, мойындалған мемлекетке айналғаны жазылған. Кітап негізінен жүздеген адамнан алынған сұқбаттарға құрылған, оның ішінде Назарбаевтың өзімен де жүргізілген сұқбат бар.

XS
SM
MD
LG