Accessibility links

Қазақтар - әлемде

Қазақтар - әлемде


Қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының Қытайда өмірден өткеніне бір жыл толғанда Алматы қаласында ас берілді. Оған жазушыны көрген достары мен таныстары, шәкірттері қатысты. Сондай-ақ олар жазушы жайлы өз естеліктерін айтты. Ас барысында Қажығұмар Шабданұлына арналған деректі фильм көрсетіліп, құран оқылды. Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде туған. 1930 жылдардың басында Қазақстанды жайлаған ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Дөрбілжін ауданына ауып барған. Қажығұмар Шабданұлының қызы Жайнар Қажығұмарқызы оның бар ойы Қазақстанға келу болды дейді.  Қазақстанда 2009 жылы толық көлемде Алматыдағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспасынан Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романы екі мың данамен жарық көрген. Жайнар Қажығұмарқызы алдағы уақытта әкесінің әлі жарық көрмеген еңбектерін жариялауды көздеп отырғандарын айтты. Қажығұмар Шабданұлы туған жері – Қазақстанға оралу арманын айтып, 2006 жылы Қазақстан президентіне хат та жолдаған болатын. Арада бірнеше жыл өткенде тағы хат жазды. Бірақ бұл арманы орындалмай, қазақ қаламгері ақтық демі үзілгенше туған жерге жетуді аңсап өтті дейді Қабдеш Жұмаділов.

XS
SM
MD
LG