Accessibility links

Уақыт бедері

Уақыт бедері


Қазақстанда вице-премьер Қайрат Келімбетов бастаған зейнеткерлік жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс тобы құрылды.Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Гүлшара Әбдіқалықова хабарлады. 30 жылдан астам уақыт қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келе жатқан Ұлпан Молдағұлова енді төрт жылдан кейін зейнетке шығатын жасқа келеді. Ол зейнетке шығу жасының өзгеруі мүмкін деген хабарға қарсылық танытатынын айтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Гүлшара Әбдіқалықованың сөзінше, зейнеткерлік жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныс жасау міндеттелген.  «Әзірге дөп басып, ештеңе айта алмаймыз. Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін ұсыныс жасауымыз қажет», - деді министр. Соңғы жылдары зейнеткерлік жас тақырыбы қоғамда жиі талқыланып жүр. Сарапшылардың кейбірі зейнеткерлік жас сөзсіз ұлғаяды  деп есептейді. Сондай-ақ мұны өмір сүру ұзақтығының артуымен байланыстырады. Демограф ғалым Әзімбай Ғали расында Қазақстандағы орташа өмір сүру жасы ұзарып келе жатыр дейді.  Статистика агенттігінің мәліметтеріне көз жүгіртсек, 2010 жылы халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы - 68 жасты құраған. Қаладағы халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы - 63 жас болса, ауыл тұрғындарынікі  де - 63 жас. Бұл ретте атап өтетін нәрсе Қазақстан орташа өмір сүру жасының көрсеткіштері бойынша әлем бекіткен межеге әлі жете алмай отыр. Қазақстандық зейнетақы қорлары қауымдастығының төрағасы Айдар Әлібаев қазіргі кезде зейнетке шығу жасын өзгерту тиімсіз дейді.

XS
SM
MD
LG