Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда  білім беру жүйесінде тағы бір жаңалық болуы мүмкін:  Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов оқушылардың үш айлық жазғы демалысын қысқарту мәселесі қаралып жатқанынан хабардар етті. сондай ақ биылдан бастап ұлттық университеттерге түсу үшін талапкерлер ҰБТ-дан кем дегенде 70 балл жинауы тиіс. Бақытжан Жұмағұлов  құрамында парламент депутаттары, осы салаға қатысы бар мемлекеттік органдар қызметкерлері, білім басқармаларының басшылары, педагогтар, ата-аналар және Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар жұмыс тобы құрылғанын хабарлады.  Бұл жұмыс бір күндік, мүмкін тіпті бір жылдық та емес шығар, Өйткені бұл сұрақ жалпымемлекеттік болғандықтан да, жұмыс тобының ұсынысы Үкіметтің, басқа да басқару органдары өкілдерінің қатысуымен тыңғылықты талқыланатын болады. Содан кейін ғана қоғамдық пікірді ескере отырып, қабылданған шешім туралы бір нәрсе айтуға болар деді министр. Ар намыс қоғамдық қорының төрайымы Ғалия Әміртаева осы жұмыс тобының құрамына кіруді сұрады Білім және ғылым министрлігі таратқан хабарламада "Басты мақсат – оқу тиімділігін қамтамасыз етіп қана қою емес, сондай-ақ, бала денсаулығын жақсарту. Мұны біз үнемі назарда ұстаймыз" деп жазылған. Ғалия Әміртаева бұл ұсыныс көпшіліктің қолдауына ие болмады дейді.  Білім мен ғылым министрлігі арқа сүйеп отырған шетелдік тәжірибеге зер салсақ, Еуропа елдеріндегі жазғы демалыс шынымен екі-ақ айды құрайды: шілде, тамыз. Рождество мерекесінде 3 апта, Пасхада 2 апта демалыс тағы бар. АҚШ-та оқу жылы 2 семестрге бөлінеді екен. Екінші сыныпта оқитын баласы бар Марал Болатқызы да осындай өзгерістерге қарсы екенін айтты.

XS
SM
MD
LG