Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Еуропарламент депутаты Петр Борис Ақтау мен Жаңазенге барды. Бұл аралықта Қазақстанда құрылған тәуелсіз қоғамдық комиссия мүшелері де сейсенбі күні Жаңаөзенге жетті. Олардың арасында тәуелсіз саясаткерлер мен журналистер бар, аймақта комиссияның кеңсесін ашуға әрекет жасалмақшы. Сейсенбі күні Ақтөбе облысының ауданаралық соты террористік топтың бес мүшесін ұзақ жылдарға бас бостандықтарынан айыру турасында үкім шығарды. Аттары аталмаған сотталғандардың ең жасы 20 жасар жігітке террорлық топты ұйымдастырды деген айыппен 13 жыл түрме жазасы кесілген. Естай Қарашаев қазір куә да емес, күдікті де емес, айыпталушыға айналды. Сот оны екі ай уақытқа қамауға алуға үкім шығарған.  16 желтоқсандағы Жаңаөзен оқиғасында жарақат алған  Нұрлыбек Нұрғалиев иығындағы оғын алғызып, Алматыдан үйіне оралды.

XS
SM
MD
LG