Accessibility links

Уақыт бедері

Қазақстан парламенті сенатының жалпы отырысында «Мәдениет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында 2012 жылдан бастап Қазақстанға прокатталатын барлық фильмдер міндетті түрде мемлекеттік тілге аударылатыны туралы айтылған. Алғашқы қазақ тіліне дубляждалған туынды ел кинотеатрларына 23 маусымда шығады. Ресми ақпараты бойынша, қазіргі кезде қазақстандық кинопрокат саласында отандық фильмнің үлесі 3 пайыз ғана болса, америкалық 70 пайыз, ресейлік фильмнің үлесі 25 пайыз екен. Егер фильмдерді қазақ тіліне аудару шаруасымен мемлекет айналысса, онда бюджеттен қомақты қаржы бөлуге тура келеді дейді мамандар. «Арман» кино орталығының атқарушы директоры Бауыржан Шөкенов сапалы дубляжды фильм тек дистрибьюторлар арқылы ғана жүзеге асуы тиіс деп санайды. Маман бір көшірменің өзіне қомақты ақша жұмсалады дейді:  «Дәл қазір қазақстандық дистрибуция тек Ресей арқылы ғана өтеді. Ал қазақ тіліне біз аударуымыз қажет. Ресейде бұл шығын ақталады. Себебі оларда кинотеатрлар мен тұрғындар саны көп. Тура сондай соманы Қазақстанда жұмсау мүмкін емес, шығын ақталмайды. Бұл өте уақытылы көтерілген проблема. Алайда оның шешімін табу керек. Қоғам, мемлекет, мәдениет министрлігі барлығы қосылып, бар нәрсені қалай бұзып алмауға болатынын ойластыру қажет» дейді «Арман» киноорталығының атқарушы директоры Бауыржан Шөкенов. «Жастар мен жасөспірімдерге арналған репертуар, егер мемлекет қажет деп тапса, осыларға қаражат бөлсін. Отбасылық киноларға баратын көрермендер саны өте көп. Ал ең бастысы – Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көптеп кинотеатрлар ашу керек. Себебі дәл осы өңірлерде ең көп қазақ тілді тұрғындар өмір сүреді. Ал бізде қазір не бар? Жамбылда екі кинотеатр, Шымкентте бес зал, Қызылордада екі зал», - дейді маман Елдегі бірқатар компаниялар мен қауымдастықтар бірігіп Дисней студиясының Көліктер 2 мультфильмін қазақ тіліне тәржіма жасап көрермендерге 23 маусымнан бастап ұсынбақшы. осы халықаралық жобаға АҚШ, Ұлыбритания, Ресей мен Қазақстанның кәсіби мамандары белсене қатысты дейді ұйымдастырушылар. Бауыржан Шөкенов осы туындыны тәржімалауға 100 мың АҚШ доллары жұмсалды дейді

XS
SM
MD
LG