Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Жаңаөзен оқиғасын қосымша зерттеу үшін құрылған тәуелсіз қоғамдық комиссия бүгін баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистерге желтоқсанның 16-сы мен 17-сі күні болған қайғылы оқиғалар туралы жаңа ақпараттар айтты. Қоғамдық комиссия мүшелері оқиға кезінде қаза тапқандардың саны туралы «ресми көрсеткіш әлі де нақтылауды қажет етеді, із-түзсіз жоғалып кеткен жақындарын іздеп жүргендер бар» деді. Шетпеде Жаңаөзен оқиғасынан кейін ұсталғандардың бірқатары босатылды, ал әлі де қамаудағылардың туыстары жақындарының жазықсыз екенін айтады. Жаңаөзендік белсенді Тамар Ерғазиева қамаудағы күйеуімен кездесуге Ақтауға кеткенде үйіне тінту жасалған  Алматыда Қарсылық күніндегі жиынға қатысқандарды әкімшілік жазаға тарту дүйсенбі күні де жалғасты. Оппозиция 24 наурызда Алматыда Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толуына байланысты кезекті митингі өткізетінін мәлімдеді. Оралдықтар бард әншінің концертінен түскен қаржыны жаңаөзендіктерге көмекке аударды Жексенбі күні Ресейде өткен шерулер және премьер-министр Владимир Путинге жасалмақшы болған қастандық жайында халықаралық тақырыптарда әңгімелейтін боламыз.

XS
SM
MD
LG