Accessibility links

Күнделікті бағдарлама

Күнделікті бағдарлама


1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы үшін сотталған Құрманғазы Рахметов 25 жылдан кейін Жаңаөзен желтоқсаны үшін де жазаланды. Қазақстандық адвокаттардың бір тобы қаржы полициясы біздің ісімізге заңсыз араласып отыр деп мәлімдеді сейсенбі күні Алматыдағы баспасөз-мәслихатында. Жаңаөзен оқиғсына қатысты тергеуде жатқан Нарын Жарылғасыновтың отбасы көмек-қолдауға зәру. Түркіменстан президент болып қайта сайланған Бердімұхамдовпен бірге бақытты дәуірге аяқбасты деген мазмұндағы хабарлар таратып жатыр түркімен мемлкеттік ақпарат құралдары. Жақында ғана рақымшылққа ілініп, түрмеден босаған қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис Азаттық радиосына берген сұқбатында қазір кең танымал болып кеткен Қылмыстық кодекстегі әлеуметтік араздық бабына түсініктеме береді.

XS
SM
MD
LG