Accessibility links

Күнделікті бағдарлама

Күнделікті бағдарлама


Жаңаөзенге барып қайтқан «Жаңаөзен-2011» комитетінің мүшелері Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқан және зардап шеккендердің туыстарына қысым жасалып жатқанын сонымен бірге қала тұрғындары психологиялық, материалдық көмекке зәру екенін айтты. Дәл осы күні Қазақстанның 1-ші вице-премьері Серік Ахметов Маңғыстау облысына барды, үкімет жетекшілерінің бірі желтоқсан оқиғасынан кейінгі Жаңаөзенде кімдермен кездесті? Шетпеде тағы бір адам тұтқындалып, оған  желтоқсанның 17-дегі Шетпедегі поезды тоқтату әрекетін ұйымдастырды деген айып тағылуы мүмкін дейді туыстары. Сәрсенбі күні Азаттықтың Форумханасында бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі деген тақырыпта оқырмандармен талқылау өткізген еді Қазақстанда барған сайын хакерлік шабуылдар үдеп отыр. Хакерлік шабуылдарға» көбінесе оппозициялық саясаткерлер мен қоғамдық ұйым өкілдерінің интернеттегі «парақтары» ұшыраған. .

XS
SM
MD
LG