Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Азаттық радиосының әзербайжан редакциясы Құба қаласында жаппай толқу болып жатқанын хабарлауда. Бейсенбі күнгі жаппай наразылықтар барысында 4 адам зардап шеккен. Қалаға арнайы қызмет күштері, ішкі әскерлер кіргізілген. Ал Қазақстанға көрші ел Қырғызстанның Ош қаласында бүгін оппозиция мыңдаған адам қатысқан митинг өткізіп, үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен. Жаңаөзеннің маңайындағы бірқатар ауылдарды су алып жатқанына тұрғындар алаңдайды. Жаңаөзен оқиғасына қатысты Шетпеде ұсталып, іс қозғалғандардың бірқатарына рақымшылық жасалғаны және төрт полицияға жаңадан айыптар тағылғаны бүгін хабарланып отыр. Қазақстан президенті өзінің атындағы Nazarbaev University оқу орнында студенттермен кездескенде 1930-шы жылдардың басындағы ашаршылықтың 80 жылдығын атап өту қажеттігіне тоқталып, әйелдер мен ерлердің қоғамдағы рөліне өзіндік баға берді. 4 наурызда Ресейде өтетін президент сайлауына қазақстандықтардың көзқарасы және ол сайлаудың әсері турасындағы пікірлері тілшіміздің шағын сауалнамасына арқау болған еді.  .

XS
SM
MD
LG