Accessibility links

Зерде


please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Мамандар репрессия жылдары бірінші кезекте зиялы қауымның, жоғары лауазымды адамдардың жазаланғанын айтады. Сол жылдары мыңдаған қазақстандықтар репрессия құрбаны болған. Кейбірін бас бостандығынан айырса, тағы біреулері сотталып, ату жазасына кесілген. Зейнеткер Венера Қуанышбаеваның әкесі Ықылас Коренеев 1937 жылы ұсталып, сол жылы атылған екен 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Бұқаралық саяси репрессия құрбандарын ақтау туралы»  Заңы  бүгінгі күні Қазақстан азаматы болып саналатын бұрынғы Совет  Одағы территориясында орныққан саяси репрессияның құрбандарына арналады. Психикалық мекемелерге бас бостандығынан айырылып жабылған немесе мәжбүрлеу жұмыстарына жүктеген негізсіз репрессия тұлғалары саяси репрессия құрбандары болып саналады. Заң бойынша, құзырлы органдарда болғаны туралы және қатарға қосу туралы құжаттар негізінде саяси репрессия құрбандарына бірреттік ақшалай өтемақы беріледі.Егер өтемақы уақытында алынбаса, ол өмірден өткен соң оның ізбасарларына беріледі. Заңға сәйкес саяси репрессия құрбандарының сол сәтте жасы 18-ге жетпеген балалары да ата-ана қарауынсыз қалғандықтан саяси репрессия құрбандары болып табылады. Жаңыл Темірбекованың атасы Зарап Темірбеков 27 ақпан 1938 жылы атылған екен. ал әжесі лагерьде 8 жыл отырыпты. Сұхбаттасымыз атасы мен әжесінің 1958 жылы ақталғандарын айтты.

XS
SM
MD
LG