Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Мамандардың сөзінше, көшпенді қоғамда дәстүрлі мәдениет жүйесінде өнердің кеңістіктік емес, уақыттық түрлері басты орын алғаны белгілі, атап айтқанда – поэзия және музыка. Көптеген ғасырлар бойы оларды дамыту нәтижесінде қазақ халқында өте күшті эпикалық, өлеңдік және аспаптық кәсіби дәстүрлері пайда болып, гүлдене түсті, сонымен қатар олар айтылу жағынан аймақтық көркем стилімен және аспаптық орындауымен ерекшеленді. Осы дәстүрлер сақталып, бүгінгі күнге дейін жетті: олар музыкалық, музыкалық-поэзиялық шығармашылықтың мыңдаған үлгілері. Сыбызғышы Талғат Мұқышев ауылдық жерлерде дәстүрлі өнерге деген сұраныс пен қызығушылық азаймай отырғанын сөз етті. Ол  дәстүрлі өнерге тек насихат қажет дейді.  Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы және әнші  Ерлан Рысқали қазіргі кезде дәстүрлі өнерге деген қызығушылық күрт төмендеп кетті деп санайды. Ол дәстүрлі өнер саласында жүрген азаматтардың жағдайы нашар дейді. Ықылас атындағы музыкалық халық  аспаптар мұражайы директорының қызметін атқарушы Ерлік Әлімқұловтың айтуынша, жақын арада Қазақстанда дәстүрлі өнер қолдау мақсатында Өнер халықтық қоғамдық университетін құру туралы идея туды Ұйымдастырушылардың сөзінше, өнер халықтық қоғамдық университетінің мақсаты – тыңдаушыларға мәдени эстетикалық тәрбие беру, қазақ мәдениетінің озық мәдени құндылықтарын болашақ ұрпақ бойына сіңіру дәстүрлі өнерді насихаттау, ел ішіндегі таланттылар шығармаларын шыңдау, халыққа кең таныстыру, олардың шығармашылық кештерін, көрмелерін өткізу.

XS
SM
MD
LG