Accessibility links

Зерде


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында, шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туған. Әкесі Жапа кедей шаруа болған. Тарихшылардың сөзінше, Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Бірақ сосын оқуды тастап кетеді. Жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ақындық өнерді сүйеді, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді дейді әдебиетші ғалымдар. Жамбыл Жабаевтың шөбересі Бекмұрат Жамбылов бала кезінен үлкен атасының өлең жырларымен танысқан екен.  Жақын арада Алматы қаласында Жамбыл Жабаевтың 166 жылдығына орай арнайы кеш өтті. Ол жерде  Бекмұрат Жамбылов ақынның «Ақындарға» арнау деген жырын орындады.  Республикалық кітап мүзейінің директоры, академик Нағашыбек Қапалбекұлы Жамбыл Жабаевтың аты аңызға айналды дейді: Деректер бойынша, ұстазы Сүйінбайдан бата алған Жамбыл Жабаев руға, атаға, бай мен кедейге бөлінген ол кездегі ауыл ішінде кейбір ақындардың байларды мақтайтынын, тағы басқаларының еңбекші халық мүддесін жақтайтынын көреді. Жас Жамбылдың алғашқы өлеңдері Жетісу бойына атағы жайылған Сүйінбайға қатты ұнайды, ол бала ақынға көп ақыл береді, сөз өнерін сүйе білуге баулиды. Жамбыл Жабаевқа арналған кеште ақынның  «Сарыбайға» деген әнін Нұрым Байбала орындады.

XS
SM
MD
LG