Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Сейсенбі күні түстен кейін Алматыда АҚШ-тық саясаттанушы Марта Брилл Олкоттың қатысуымен «Дін, қоғам және қауіпсіздік» деген тақырыпта дөңгелек үстел талқылауы болып өтті. Оған қатысқан біздің тілшіміз мұнда қандай әңгіме болғанынан сіз бен бізді хабардар етеді. 6 наурыз күні  тіркелмеген "Алға" партиясының  үш  белсендісі ұсталып, түсініктеме жазғаннан кейін босатылды.  Оларды полицейлер Алматы қаласында үнпарақтар таратып жүрген жерлерінен ұстаған. «Саяси күрестің мақсаты жеңіске жету ол үшін түрмеде жатып емес, бостандықта жүріп күрескен жөн, сондықтан, Болат пен Әміржан, денсаулықтарыңызды сақтаңыздар демекпіз» дейді ғалым, жазушы- зерттеуші Тұрсын Жұртбай Азаттыққа берген сұқбатында.  Еуразиялық одақ құрау идеясының авторы Владимир Путиннің Кремлге қайта оралуы оның көршілеріне қалай әсер етеді?  .

XS
SM
MD
LG